ТУРЕЕВА Зайда Абдулаевна – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның комплаенс-офицері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір құрылымдық бөлімшесіне немесе нақты лауазымды тұлғаға жүктелетін қызмет. Оның мақсаты – ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, ішкі нормативтік құжаттармен реттелген ережелері мен рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ұйымның іскерлік беделін жоғалтуына жол бермеу.
Холдингтің Директорлар кеңесінің шешімімен және Бас директордың 2025 жылғы 29 тамыздағы №37-ж/к бұйрығымен Комплаенс-офицердің міндеттерін атқаратын жауапты тұлға айқындалды.
Комплаенс-офицердің негізгі мақсаты – Холдинг пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау. Сонымен қатар, халықаралық озық стандарттарға, ішкі тәртіпке және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Холдингте ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ететін ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Комплаенс-офицер өз өкілеттіктерін Холдингтің атқарушы органынан және лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне есеп береді.
БАЙЛАНЫС:
Телефон: +7 (701) 209–27–27
Осы телефон нөміріне этикаға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты мәселелер бойынша хабарласа аласыз. Бұл – Холдинг қызметкерлері мен үшінші тұлғалардың кез келген сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, заңсыз немесе қасақана әрекеттері туралы құпия түрде хабарлау мүмкіндігі.
Барлық хабарламалар, соның ішінде анонимді хабарламалар да, объективті түрде қаралып, өтініш берушінің құпиялығы сақталады.
Холдингтің ақпараттандыру арналарына жүгіну арқылы сіз жеке деректеріңіздің Холдингтің комплаенс-офицері тарапынан өңделуіне келісім бересіз.