Жалпы мәліметтер

Тарих

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын пандемия деп мойындауға мәжбүр болды.

2020 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл ел аумағында төтенше жағдай енгізу туралы құжатқа қол қойды.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігі нақтыланды.

Осыған байланысты 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Холдинг) құрылды.

Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Миссия

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімдерге деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін заңды тұлғаларды тиімді басқару.

Холдинг қызметінің мақсаты, пайымы

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі мақсаты — биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуын ынталандыру.

Холдинг пайымы мынадай қағидаттарға негізделген:

  1. Холдинг пен еншілес ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;
  2. Холдинг пен еншілес ұйымдарды корпоративтік басқаруда әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану;
  3. тәуелсіз директорлар институтын белсенді пайдалануды көздейтін транспаренттілік және кешенділік қағидаттарын ұстану.