«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры луазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Негізгі қызмет түрлері:

— вирустар гендерiнiң:, адамның, жануарлар мен құстардың инфекциялық ауруларына қарсы гендiк-инженерлiк және рекомбинантты вакциналардың клонотекасын жасау;

— адамның, жануарлардың, құстардың және өсімдіктердің инфекциялық аурыларына қарсы профилактикалық, диагностикалық және дәрілік (профилактикалық) препараттар мен құралдарды өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру;

— медициналық иммундық-биологиялық препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын жүргізу;

— денсаулық сақтау және ветеринария үшін есдік, диагнистикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеу бойнша қолданбалы зерттеулер, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру;

— нанотехнологияларды және халықты аса қауіпті инфекциялардан қорғаудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалана отырып, жаңа буын вакциналарын жасау;

— фармацевтикалық препараттар өндірісі;

— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада өткізу;

— ветеринария арналған дәрілік препараттар өндірісі;

— ақпараттық жүйелер мен дерекқорлады сүйемелдеумен ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету;

— биотехнилогия саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;

— инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

— конференциялар мен сауда көтермелерін ұйымдастыру;

— жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер;

— денсаулық саласындағы өзге де қызмет;

— жануарлардың өзгеде түрлерін өсіру;

— жеке меншікті жалға беру және басқару.

Лауазымдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнама және ғылыми-зерттеу, конструкторлық, олардың бейініне сәйкес келетін ғылым мен техника саласында жаңа нәтижелер алу мақсатында технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарында, ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік-шаруашылық қызметпен импортты алмастыратын және экспорттық өнімді ұлғайтуға ықпал ететін үнемді, прогрессивті жобаларды, бұйымдарды, технологияларды, тез өтелетін әзірлемелерді жасау, шағын және орта ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға жәрдемдесе отырып, олардың экономикалық қызмет түрлерінде тез игерілуін, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту және бәсекеге қабілетті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер өндірісін кеңейту.

Қабылданған шешімдердің орындалуын, институттың балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Басқа ұйымдармен немесе өзге де заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер, операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді.

Іргелі, іргелі-қолданбалы және мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларға және елдің ғылыми-техникалық дамуына бағдарланған және әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жобаларға конкурс өткізуге қатысады.

Ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу үшін әріптестер іздеу шараларын қабылдайды.

Ұйымның ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінің бағыттарын айқындайды, перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын қалыптастырады және оларды белгіленген тәртіппен бекітеді.

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында сабақтас ғылыми-зерттеу кешенді проблемалар бойынша зерттеулерді табысты орындау үшін конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары, ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелердің нәтижелерін апробациялау және өндіріске енгізу кезінде ұйымдармен, жетекші компаниялармен және фирмалармен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік институттармен және ғалымдармен байланысты жүзеге асырады.

Мыналарды білуі тиіс:

Қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР Заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының, «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) білу;

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

ұйымның қызметін басқару мен талдаудың экономикалық әдістерін;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелері;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Ағылшын тілін білу құпталады.

Біліктілік талаптар:

«Биологиялық және сабақтас ғылымдар» (Биология, Биотехнология, Генетика, Геоботаника), «Денсаулық сақтау» (Фармация, Жалпы медицина, Медицина, Биомедицина), «Экология» «Экология және табиғатты пайдалану», «Өндірістік және өңдеуші салалар» (Фармацевтикалық өндіріс технологиясы), Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Ветеринария (Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария) «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (Агрономия, Агроинженерия, Топырақтану және агрохимия, Өсімдіктерді қорғау және карантин, Мал шаруашылығы).

Мыналар болуы тиіс:

— тиісті кәсіптік қызмет саласы бойынша ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD немесе доктор ғылыми дәрежесі.

Кандидаттың Серіктестікте он және одан да көп жыл, оның ішінде серіктестік басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдарда кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, ғылыми дәрежесінің болуы міндетті емес.

— биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларынан өткені туралы сертификаттар;

— мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларының стратегиялық немесе объектілеріне жатқызылған объектілерде ғылым саласындағы (вирусология, микробиология, биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, генетика, фармация, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста, ғылыми-өндірістік қызметте, экология, денсаулық сақтау, медицина) қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл және/немесе Холдингтің еншілес ұйымында төмен тұрған лауазымда кемінде 5 жыл.

Мүмкіндігінше болуы қажет:

— ұйымның бейініне сәйкес патогенділіктің тиісті тобынан төмен емес патогенді биологиялық агенттермен 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 3 (үш) ғылыми жобаға басшылық ету тәжірибесі;

— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 1 (бір) ғылыми-техникалық бағдарламаны (ҒТБ) басқару тәжірибесі (басымдық);

— өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге және пайдалы модельдерге кемінде 5 патент, оның ішінде кемінде 1 Еуразиялық / шетелдік;

— салалық мемлекеттік органдарда тіркелген ғылыми-техникалық құжаттамалардың (ҒТҚ) авторлығы.

— патогенділігі II топтағы аса қауіпті микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде биоқауіпсіздік бойынша оқудан өткені туралы сертификат; патогенділігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде далалық биоқауіпсіздік.

Конкурсқа қатысу үшін:

— өтініш нысан бойынша;

— қоса берілген нысан бойынша 3*4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі;

— білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін;

— еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;

— денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

— Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

— психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

— наркологиялық ұйымнан анықтама;

— тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер;

— тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;

— соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

— азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама.

Аталған құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 21 сәуір (қоса алғанда) HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтінішті Жүктеу

Қызметтік Тізіміді Жүктеу

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымының басшысын тағайындау қағидалары