«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдарының қызметкерлері Медицина қызметкерлері күніне орай марапатталды

239 көрініс
«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдарының қызметкерлері Медицина қызметкерлері күніне орай марапатталды

15 маусым – Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысып, медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингіне қарасты еншілес ұйымдардан 40-тан астам қызметкер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі марапаттарына ие болды. Олардың қатарында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты, OtarBioPharm, Ұлттық биотехнология орталығы, Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының қызметкерлері бар.

Марапаттар келесі номинациялар бойынша берілді:

  1. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі,
  2. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі,
  3. Құрмет грамоталары,
  4. Министрдің Алғыс хаттары.

Алыс өңірлерде орналасуына байланысты еншілес ұйымдардың қызметкерлері марапаттау рәсіміне тікелей қатыса алмады. Марапаттар «QazBioPharm» Ұлттық холдингі арқылы табысталды.

🔹 Марапатталған қызметкерлердің толық тізімі жаңалыққа тіркелген құжатта ұсынылған.

Холдинг ұжымы әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен және лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Бұл марапаттар – тек жетістік белгісі ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен құрметтің айғағы.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдарының қызметкерлері Медицина қызметкерлері күніне орай марапатталды

Документы

Наименование Тип и размер
Список награждаемых ДО docx, 27 КБ Смотреть Скачать