Холдингтің Бас директорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №19-ө бұйрығымен Кадр саясаты бекітілді. Оған сәйкес адам ресурсы – Холдингтің негізгі стратегиялық капиталы және басты құндылығы болып табылады. Адам ресурстарының тиімді жұмысы Холдингтің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кадр саясатын іске асыру аясында 2023–2028 жылдарға арналған Холдингтің Іс-шаралар жоспары бекітілді, ол адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірізді қадамдарды қамтиды.
2025 жылға келесі негізгі іс-шаралар жоспарланған: корпоративтік мәдениетті дамыту, қызметкер қызметін бағалау, таланттарды басқару, тиімділікті арттыру және HR-функцияларды жетілдіру, сондай-ақ цифрлық технологияларды дамыту.