Жалғыз акционер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.