«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС

202 көрініс
«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС

«Ұлттық биотехнология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ҰБО) «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылады.

Ұлттық биотехнология орталығы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында бағдарламаларды жүзеге асырады.

Ұлттық биотехнология орталығы Астана қаласында орналасқан, сондай-ақ Алматы және Степногорск қалаларындағы филиалдар желісімен ұсынылған. Елордалық кеңседе әртүрлі бағыттағы 15 зертхана, Степногорск қаласында – 3 зертхана, ал Алматыда – 4 зертхана бар.

Басшылық:

Бас директордың міндетін атқарушы — Вячеслав Борисович Огай.

Миссиясы:

Қазақстанның биотехнологиясын жоғары табыс әкелетін ғылымды қажетсінетін бизнеске айналдырып, ғылым сапасы мен жоғары деңгейінің стандарты болу.

ҰБО қызметінің мақсаттары:

— Ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу;
— Жаңа технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу;
— Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, гранттарды және инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысу;
— Биотехнология саласында отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу;
— Зерттеулер жүргізу және технологиялар трансфері бойынша отандық және шетелдік мекемелермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Зерттеу салалары:

— Генодиагностика, фармакогеномика, медициналық биотехнология;
— Діңгекті жасушалар, жасушалық технологиялар, регенеративті медицина;
— Протеомика және эпигенетика;
— Иммунохимия және иммунобиотехнология;
— Микроорганизмдердің генетикасы және биохимиясы;
— Олигонуклеотидтерді химиялық синтездеу және олардың модификациясы;
— Молекулалық генетика және гендік инженерия;
— Өсімдіктердің биотехнологиясы және селекциясы;
— Жасушалық және молекулалық биотехнология;
— Микробиология және өнеркәсіптік биотехнология;
— Фармакология және доклиникалық сынақтар.

Эл. пошта: info@biocenter.kz
Байланыс нөмірі: +7 7172 70-75-65
Мекенжайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13/5 ғимараты
https://biocenter.kz/

«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС