Ішкі аудит қызметі Холдингтің жалғыз акционерін, Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалына тәуелсіз және Холдингтің Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Холдингтің ішкі аудитін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Холдингтің бақылау органы болып табылады. Қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібі мен жоспарларын, басшы мен қызметкерлерді тағайындауды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды, қызмет қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жалпы шарттарын Холдингтің Директорлар кеңесі айқындайды және бекітеді.