Әбеуов Хайрулла Бләлұлы
Холдингтің еншілес ұйымы – Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының доценті (қауымдастырылған профессор), биология ғылымдарының кандидаты, профессор
350-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 7 ғылыми мақала Web of Science және Scopus ақпараттық базаларына кіретін шетелдік журналдарда, ал 1 монография, 6 оқулық, 4 оқу құралы, 4 электрондық оқулық, 2 электрондық оқу құралы, 280-нен астам ғылыми мақалалар мен тезистерді атап өтуге болады: 9-ы алыс (АҚШ, ҚХР) және 4-уі жақын (Қырғызстан) шетел баспаларында жарық көрген, 8 алдын ала және 2 инновациялық патент, 35 биологиялық ветеринариялық препараттың нормативті-техникалық құжаттар топтамасы және 48 әдістемелік нұсқаулары бар. Хирш индексі: Web of Science — 3 және Scopus — 3.
Хайрулла Бләлұлы Мал шаруашылығы ғылымдары академиясы жанындағы ҒЗВИ (Үрімші қ., ШҰАА, ҚХР, 2011 ж., 2014 ж.), РФ АШМ «Токсикологиялық, радиациялық және биологиялық қауіпсіздік федералды орталығы» ФМБМ (Қазан қ., 2013 ж.) және АҚШ, Чарлстон қаласында (Оңтүстік Каролина штаты, 2018 ж.) тағылымдамалардан өткен.
«Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 85 жыл» алтын мерейтойық медалімен (2015 ж.); ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен (2022 ж.) марапатталған; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2022 ж.).