Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлы

Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлы

Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры, Биология ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері

Ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың және терісі бағалы аңдардың аса қауіпті вирустық және бактериялық инфекцияларын диагностикалау саласындағы ірі маман.

«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.

Американдық микробиологтар қауымдастығының мүшесі.

2022-2024 жылдары Қырғыз ұлттық аграрлық университеті К.И. Скрябин атындағы диссертациялық кеңесінің (Д.06.14.489) мүшесі.

«Биологиялық қауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.

 

Ғылыми жетістіктері:

– 370-тен астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы.

– 45 өнертабыс патенті мен 36 диагностикалық препараттарды өндіру бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың авторы.

 

Негізгі жетістіктері:

— А және О типті аусыл ауруын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест жүйе [жинақ];

— Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит вирусын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];

— Қой катаральды қызбасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест жүйе [жинақ];

— Ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];

— Иммуноферменттік әдіспен етқоректілердің обасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];

— Диффузиялық преципитация реакция (ДПР) және комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдістерімен қой шешегінің қоздырғышын анықтауға арналған тест-жүйе [жинақ];

— Етқоректілер обасының зертханалық тұрғыда балауға арналған препараттар жиынтығы.