Сұлтанқұлова Күлайсан Тұрлыбайқызы
Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор
Молекулалық биология және гендік инженерия саласының маманы, 190-нан аса ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 60 ғылыми мақала, Thomson Reuters импак-факторы нөлдік емес, соның ішінде Scopus-пен рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда 13 мақала, 34 өнертабыс, 5 монография және 1 оқу-әдістемелік құрал жарияланған. Халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында 40-тан астам баяндамаларының тезистері жарияланды. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h-индекс) – 4,0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2018 жылы ҚР БҒМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Негізгі жетістіктер:
- Тұмауды балауға арналған олигонуклеотидті микрочип;
- Құстардың инфекциялары – құс тұмауының вирусын, Ньюкасл ауруын, тауықтардың жұқпалы бурситін, құстардың жұқпалы бронхитін балауға арналған олигонуклеотидті микрочип;
- Бруцеллез кезінде антиденелерді анықтауға арналған ақуызды микрочип;
- Полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы А/Н5 тұмауын зертханалық балауға арналған тест-жүйе;
- Полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы ірі қара малдың нодулярлық дерматитін зертханалық балауға арналған сынақ-жүйе;
- Қой күлі, нодулярлық дерматит вирусының, аусыл вирусының, бруцеллалардың рекомбинантты антигендері және осы рекомбинантты антигендердің продуцент-штаммдары;
- Қой күлінің бөгде гендерді экспрессиялайтын рекомбинантты вирустары;
- Қой күліне қарсы рекомбинанттық вакцина әзірленді.