Сырым Назым Сырымқызы

Сырым Назым Сырымқызы

Холдингтің еншілес ұйымы – Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының «Микробиология» зертханасының аға ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор

150-ден астам ғылыми еңбектер авторы, оның ішінде 14 ғылыми мақала Web of Science және Scopus ақпараттық базаларына кіретін шетелдік журналдарда, 28 патент, 5 ұсыныс, 3 монография, 4 нормативті-техникалық құжаттар жарық көрді.

Хирш индексі: Web of Science — 4 және Scopus — 4.

Білімін жоғарылату бойынша биологиялық және ақпараттық қауіпсіздіктер бойынша 30 сертификаты бар. Жапония, Финляндия, Ресей, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстанда өткен конференцияларды ғылыми баяндамалар жасаған.

«Ветеринария ғылымына сіңірген еңбегі үшін» (2012 ж.) және «Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін» (2021 ж.) төсбелгілерімен марапатталған.