Орынбаев Мұхит Бармақұлы
Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры, Ветеринария ғылымдарының кандидаты
Аса қауіпті аурулар ошақтарына жедел ден қою және оларды бақылау саласындағы жетекші маман.
250-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 34 өнертабыс, 4 монография және 1 оқу құралы, диагностикалық және профилактикалық препараттарды өндіру мен бақылауға арналған 14 нормативтік-техникалық құжат бар.
Ол әзірлеген 10-нан астам вакцина мен диагностикалық құралдар Қазақстанда және шетелде кеңінен қолданылады. Ғалым іргелі және қолданбалы зерттеулерімен танымал. Оның көп жылдық ғылыми қызметі Қазақстан алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
2010 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.