Ольга Викторовна Червякова

Ольга Викторовна Червякова

Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Ольга Викторовна молекулалық биология, гендік инженерия, сондай-ақ ветеринарлық микология және вирусология саласындағы маман. Адамның, жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын балау және алдын алудың құралдары мен әдістерін әзірлеуге, олардың қоздырғыштарының геномдарын зерттеуге арналған республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды/жобаларды іске асыруға елеулі үлес қосты.

COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы қазақстандық вакциналарды, оның ішінде QazCovid-in инактивтелген вакцинасын (QazVac) әзірлеуші болып табылады.

О.В. Червякованың бірлескен авторлықта 150-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1-4 квартилге кіретін немесе Scopus дерекқорында CiteScore 14-тен 95-ке дейінгі процентилі бар, Clarivate Analytics (Web of Science) және Scopus компанияларының дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 23 жарияланымы жарияланған. 2012 жылы О.В. Червякова «А/H1N1 пандемиялық тұмауына қарсы алғашқы отандық вакцинаны дайындау технологиясын әзірлеу, клиникаға дейінгі, клиникалық сынақтар және тіркеу» жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ғылым және техника саласындағы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін О.В. Червякова «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2017 ж.) және «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.) марапатталған; «Құрмет» орденінің иегері (2021 ж.)