Наханов Азиз Құралбайұлы

Наханов Азиз Құралбайұлы

Холдингтің еншілес ұйымы – Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты

Жасушалық биотехнология және цитология саласының маманы. Жасушалық терапияға арналған биосыйымдылықты полимерлерге жасушаларды микрокапсулалау әдісінің әзірлеушісі. Оның тікелей қатысуымен зертханада жаңа бағыт – бағаналы жасушаларды алу және оларды тіндік әрі жасушалық алмастыру терапиясында қолдану бойынша жұмыстар басталды. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 11 шетелдік басылымдарда, 6 авторлық куәлік пен 1 монографиясы бар. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған.

Негізгі жетістіктері:

— көз ауруларын емдеуге арналған «коллаген + өсірілген лимба жасушалары» атты биоқұрылым;

— бағаналы жасушалардан алынған жасушаларды микрокапсулалау әдісі;

— бастапқы және субкультуралды жасуша дақылдарының паспортталған коллекцияларын тұрақты сақтауға арналған мамандандырылған мұражай-банк;

— трансплантация әдісі арқылы емдеуге арналған бета-жасушаларды алу;

— дәрілік заттар, косметикалық құралдар, инсектицидтер, консерванттар ретінде қолдануға болатын әртүрлі заттарды жасуша дақылдарында тестілеу.