Мырзахметова Балжан Шайзадақызы
Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты
Эпизоотология, ветеринариялық вирусология, жасуша биотехнологиясы және иммунология жөніндегі маман. 80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 инновациялық патенттің және 1 монографияның авторы, Институттың Сараптамалық кеңесінің және «Биоқауіпсіздік және биотехнология» журналы редакция алқасының мүшесі.
COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы QazVac вакцинасын әзірлеу және өндіру саласында сіңірген еңбегі үшін 2021 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
Негізгі жетістіктері:
«COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» БМҚ шеңберінде «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы инактивтелген вакцина әзірлеу» міндеті бойынша мынадай жетістіктерге қол жеткізілді:
– ҚР 2022 жылғы 08 желтоқсандағы № 34762 «COVID-19 коронавирустық инфекциясының арнайы алдын алу, зертханалық баламалау құралдарын дайындау және оған қарсы вакцинаның биологиялық қорғауының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммына» берілген патенті;
– ҚР 2022 жылғы 08 желтоқсандағы № 34761 «COVID-19-дың алдын алуға арналған инактивтелген вакцинаны өндіру әдісіне» берілген патенті;
«COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» БМҚ шеңберінде «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы тірі вакцина әзірлеу» міндеті бойынша мынадай жетістіктерге қол жеткізілді:
– № 35175 «Аурудың арнайы алдын алу мен зертханалық баламасы құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/НИИПББ-2021» аттенуацияланған штаммына» берілген патент;
– ҚР COVID-19 № 35526 «Коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина дайындау және вакциналар қалыптастыратын биологиялық қорғаудың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын SARS-CoV-2 вирусының «Үнді-Дельта» генетикалық нұсқасының «SARS-CoV-2/Indian-Delta/Kz_ Almaty/07.2021» штаммына» берілген патенті;
– ҚР № 34762 ««Коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина дайындау және вакциналар қалыптастыратын биологиялық қорғаудың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын SARS-CoV-2 вирусының «Британиялық» генетикалық нұсқасының «SARS-CoV-2/Britain/KZ_ Almaty/05.2021» штаммына» берілген патенті.