Мамбеталиев Мұратбай Әлдібайұлы

Мамбеталиев Мұратбай Әлдібайұлы

Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты «Микроорганизмдер коллекциясы» зертханасының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

М.А. Мамбеталиев – эпизоотология, вирусология, микробиология, биотехнология, жануарлар ауруларын диагностикалау мен алдын алу салаларының маманы. Шошқалар мен түйелердің ауруларына қарсы вакциналарды әзірлеуші. 180-нен астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 57 өнертабыс пен 14 биопрепараттардың нормативті-техникалық құжаттары. 30 жылдан астам уақыт бойы жануарлар, құстар мен адамдар арасында кездесетін, Қазақстан Республикасында және көршілес мемлекеттерде таралған экзотикалық және аса қауіпті вирустық инфекциялар қоздырғыштары сақталған бірегей микроағзалар коллекциясының жетекшісі болды.

Хирш индексі: Web of Science  — 6, Scopus — 9.

1983 жылы ССРО «За трудовое отличие» медалімен, 2008 жылы — Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2015-2016 ж.ж. «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен және 2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.