Кутумбетов Леспек Бекболатұлы
Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры, Ветеринария ғылымдарының докторы
320 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15 ғылыми мақала Web of science және Scopus ақпараттық базаларына кіретін шетелдік журналдарда, 42 патент, 3 монография, 25 нормативті-техникалық құжаттар елімізде жарық көрді.
Хирш индексі Web of science — 9, Scopus — 9.
Ресей, Қытай, Франция, Турция елдерінің ғылыми орталықтарында тағылымдамалардан өткен.
«Халық алғысы» медалімен марапатталған (2020 ж.).
2021 жылы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстар сериясы үшін ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.