Еспембетов Болат Аманбайұлы

Еспембетов Болат Аманбайұлы

Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты

Биотехнология, жануарлардың бактериялық ауруларына балама жасау, вакциналық және микробқа қарсы препараттар, өңдеу және тамақ өнеркәсібі үшін бактериофагтар жасау саласының маманы. 140-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 25 ғылыми мақала, Thomson Reuters мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын, оның ішінде Scopus-пен индекстелетін ғылыми журналдарда 14 мақала, 28 өнертабыс, 2 монография бар. Халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында 20-дан астам баяндама тезистері жарияланды. Білім және ғылым саласындағы жемісті жұмысы үшін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің (2013 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2017 ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталған (Жамбыл облысының әкімі 2021 ж.).

2017 жылы «ҰҒТЭО» АҚ «Ғылым көшбасшысы-2017» дипломымен, Ресей және ТМД бойынша Clarivate Analytics дипломымен марапатталды. «Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (2020 жылдан бастап). Екі магистр дайындады, қазіргі уақытта 1 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h-index) — 6,0.

 

Негізгі жетістіктері:

– Бруцеллезге қарсы вакцина алуған арналған бруцеллездік иммунды-доминантты ақуыздарды экспрессиялайтын INFLUENZAVIRUS тегінің  ORTOMYXOVIRIDAE тұқымдасының А тұмауы вирусының FLU-NS1-124-L7/L12-H5N1, FLU-NS1-124-OMP16-H5N1,FLU-NS1-124-L7/L12-H1N1 және FLU-NS1-124-OMP16-H1N1 рекомбинантты штаммдарының консорциумы;

– полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы В тұмауын балауға арналған тест-жүйе;

– жануарлардың бруцеллезін балау кезінде радиалды иммунды-диффузияға арналған антиген;

– иттердің бруцеллезін балау кезінде агглютинацияның модификациялық реакциясына арналған антиген;

– алдын алуға және балауға арналған препараттарды дайындауға арналған Pasteurella Multocida бактерияларының аттенуацияланған штаммдары;

– ірі қара мал бруцеллезінің серодиагностикасына арналған R-антиген;

– Ірі қара мал бруцеллезінің серодиагностикасына арналған R-қан сарысуы;

– медициналық, ветеринариялық, тұрғын жайлардың, тағам өндірістерінің және көліктің ауасы мен беткі қабаттарын селективтік профилактикалық дезинфекциялауға арналған полифагтардың биопрепараты;

– жылқылардың эпизоотиялық лимфангоитіне қарсы инактивтендірілген вакцина жасау технологиясы;

– жылқылардың сақауын емдеуге арналған биопрепаратты дайындау технологиясы әзірленді.