Бурашев Ербол Досанұлы

Бурашев Ербол Досанұлы

Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, «6D060700-Биология» мамандығы бойынша PhD

Ербол Досанұлы — молекулалық биология, вирусология, індетті аурулардың мониторингі және эпидемиологиясы саласындағы маман.

«Ақуыздарды үш өлшемді модельдеу арқылы антигендік құрылымы өзгерген кезде тұмау вирусының патогенез процесін зерттеу», «SARS-COV-2 вирусына қарсы препараттардың вирусқа қарсы белсенділігін in vitro зерттеу және COVID-19 айналымдағы штамдарына молекулалық-эпидемиологиялық талдау жүргізу» сияқты жобалар, сондай-ақ «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу» бойынша ҒТБ, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының аумағындағы арбовирустардың мониторингі» гранттық қаржыландыру жобасын орындаушы болды.

Covid-19 пандемиясы кезінде Е.Д. Бурашев «COVID-19 қоздырғышының молекулалық-генетикалық қасиеттерін зерттеу» бағыты бойынша «ҚР БҒМ БМҚ-ОТ-22 COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» жауапты орындаушысы болды. ҒТБ орындау нәтижелері бойынша Е.Д. Бурашев «Халық алғысы» медалімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Соңғы бес жылда (2018 жылдан бастап) 36 ғылыми мақала жариялады, оның ішінде 15-і WOS және Scopus индекстейтін журналдарда, 12-сі қазақстандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап ол 7 өнертабыстың авторы болды, оның 3-і ветеринария саласында өндіріске енгізілді.

Оның дәйексөз индексі (Хирш индексі) соңғы үш жылда WoS ақпараттық базасы бойынша – 5, Scopus – 6.

2021 жылғы тамыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін Қордай аудандық VII сайланған мәслихатының депутаты болды. Қойылған міндеттерді орындау барысында аудандық мәслихаттың «Құрметті депутат» атағына ие болды, сондай-ақ «Ізгілік» орденімен марапатталды.

Негізгі жетістіктер

  • «Neethling-RIBSP» штаммынан алынған нодулярлы дерматитке қарсы вакцина;
  • COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алуға арналған QazCovid-in® (QazVaс) инактивтелген вакцинасы;
  • COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алуға арналған каприпоксвирусқа негізделген QazCovid-CPV векторлық вакцинасы;
  • ІҚМ трихофитиясына қарсы вакцина;
  • «ЛД» штаммынан жасалған етқоректілердің обасына қарсы культуралық вирусвакцинасы;
  • Обаға, жұқпалы гепатитке және етқоректілердің парвовирустық энтеритіне қарсы вакцина;
  • Оба, жұқпалы гепатит және етқоректілердің парвовирустық энтериті кезіндегі емдік-профилактикалық сарысу.