Болатов Ербол Акенұлы
Холдингтің еншілес ұйымы — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор
141 ғылыми мақаланың авторы, оның 49-ы республикалық журналдарда, 30-ы халықаралық конференцияларда және 7-і халықаралық рецензияланған шетелдік журналдарда жарияланған. Сонымен қатар, 23 ұлттық патенттің, 2 монографияның және 30 диагностикалық және профилактикалық препараттарға арналған НТҚ жиынтығының бірлескен авторы болып табылады. Web of Science және Scopus бойынша Хирша индексі – 3.0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің (2013), Жамбыл облысы әкімінің (2013), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2016) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ індетпен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыру саласындағы жемісті еңбегі, сондай-ақ зор үлесі үшін «Халық Алғысы» медалімен (2021) марапатталды. Сонымен қатар, еліміздің жоғары жүйесін дамытуға, жас білікті мамандарды даярлауға, саналы және сапалы білім беруге сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Е.А. Болатов – жасуша, вирустарды және бактерияларды өсіру, сондай-ақ профилактикалық препараттарды өндіру технологиялары саласындағы білікті маман. Көптеген ғылыми-техникалық бағдарламалар (ҒТП) мен жобалардың ғылыми жетекшісі, жауапты орындаушысы, орындаушысы қызметтерін атқарған.
Негізгі жетістіктер:
— жасуша өсінділері және вирустарды үлкен көлемде өсіру регламентері;
— диагностикалық және профилактикалық препараттарға арналған 30 ғылыми-техникалық құжаттамалар жинағы;
— штамдарға және вакциналық препараттарды дайындау әдістеріне 23 патент;
– жасуша өсінділері мен ұсақ мүйізді малдардың обасы, қойдың катаральды қызбасы, құтыру вирустарын өсірудің суспензиялық әдісі;
– ұсақ мүйізді малдар обасы, қойдың катаральды қызбасы, құтыру вирустарын өсірудің микротасымалдауыштардағы суспензиялық әдісі;
— денсаулық сақтау саласы үшін құс тұмауына қарсы вакцина және туберкулез микобактериясына қарсы рекомбинантты штамм жасау үшін A/H5N1 тұмауы вирусын өсіру параметрлері;
— жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша қойдың шешек ауруына, қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына, ұсақ күйіс қайыратын мал обасына қарсы вакциналар шығарылады.