Тимощенко Юрий Евгениевич
«Оберег ЖШС Бас директорының кеңесшісі, тәуелсіз директор1962 жылы 8 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген. 1985 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын, ал 2001 жылы Қостанай Бизнес және басқару институтын бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы дәрігер-интерн болып бастаған. Денсаулық сақтау жүйесінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2000 жылдары қоғамдық қызметпен айналысты, ұлттық-мәдени орталықтарды басқарды, Қазақстан халқы Ассамблеясының V және VI шақырылымдардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды, ҚХА-да жауапты лауазымдарды атқарды.
2021 жылдан бастап, «Оберег» украин ұлттық-мәдени орталығы» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры. 2022 жылдың тамыз айынан — «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.
Азаматтық қоғамды дамытуға, этносаралық келісім мен мәдени диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен және басқа да мемлекеттік және қоғамдық наградалармен марапатталған.