Темірбеков Дәурен Оденұлы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі1986 жылы 2 наурызда Семей қаласында дүниеге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан халықтар достығы университеті, сондай-ақ Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс тәжірибесі мол. Еңбек жолын 2007 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде бастаған. Әр жылдары бухгалтерлік есеп әдіснамасына, бюджеттік кредиттеуге, активтерді басқаруға және қаржы секторымен өзара іс-қимылға жетекшілік ететін сарапшы, бас сарапшы, директордың орынбасары және департаменттердің директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметін атқарады.