Бердалин Аманғали Бисенбайұлы

Бердалин Аманғали Бисенбайұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

1964 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Саратов мемлекеттік зоотехникалық ветеринариялық институтын «Ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша (1989) және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобильжол институтын «Экономист» мамандығы бойынша (2006) бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолы

Аграрлық салада, ветеринарияда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқару жүйесінде басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын совхозда бастап, ветеринардан басшыға дейін көтерілді. Он жылдан астам аудан әкімі және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылы Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, онда аграрлық мәселелер жөніндегі комитетте қызмет атқарды.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарады.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірқатар мерейтойлық медальдарымен марапатталған.