Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы

Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы

"QazBioPharm" Ұлттық холдингі " АҚ Бас директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі

Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы — Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.

1972 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

1992 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РМК-да  лаборанттан бастап, бас директорға дейін көтерілді.

2023 жылдан бері — «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Бас директоры.

Ғылыми дәрежесі:

2001 жылы кандидаттық, ал 2016 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2021 жылы «Профессор» ғылыми атағы биология мамандығы бойынша берілді.