Әбдірайымов Ерғали Орынбасарұлы
Бас директорӘбдірайымов Ерғали Орынбасарұлы — Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.
1972 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
1992 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РМК-да лаборанттан бастап, бас директорға дейін көтерілді.
2023 жылдан бері — «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Бас директоры.
Ғылыми дәрежесі:
2001 жылы кандидаттық, ал 2016 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
2021 жылы «Профессор» ғылыми атағы биология мамандығы бойынша берілді.