Алдынгуров Дәулет Қадырұлы
Бас директордың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасарыАлдынгуров Дәулет Қадырұлы 1980 жылы Семей облысы Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
Денсаулық сақтау саласының маманы, дәрігер және денсаулық сақтау менеджері. Жоғары кәсібилігімен, білімі мен тәжірибесі арқылы танылған. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша MD, PhD ғылыми дәрежелері бар.
Еңбек жолы
Кәсіби қызметін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургия бөлімшесінде дәрігер-ординатор ретінде бастаған.
2005–2007 жылдары «Жедел жағдайлар хирургиясы» бағыты бойынша факультеттік хирургия кафедрасында клиникалық ординатурада білім алды.
2007–2010 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің хирургия және травматология кафедрасында ассистент болып қызмет атқарды.
2010–2013 жылдары Даулет Қадырұлы Семей мемлекеттік медицина университеті мен Жапонияның Нагасаки университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Атомдық бомба институтында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдады.
2013–2017 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің хирургия және травматология кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол ғылыми қызметті оқытушылықпен ұштастырып, денсаулық сақтау саласындағы білім мен тәжірибесін жас мамандармен бөлісті.
2017–2018 жылдары Даулет Қадырұлы Астана қаласындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» «Қазақстан медицина университеті» ЖШС филиалының бас менеджері қызметін атқарды. Бұл қызметте университеттің ұйымдастырушылық жұмысына жетекшілік етіп, академиялық бағдарламаларға жаңа мазмұн енгізуге атсалысты.
2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-ның халықаралық ынтымақтастық және инновациялық технологиялар бөлімінің менеджері болып қызмет етті.
2019–2020 жылдары Астана медицина университетінің магистратура және докторантура орталығының басшысы лауазымын атқарып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын дамытуға үлес қосты.
2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және кадрлық ресурстар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Осы кезеңде ол еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруға белсене қатысты.
2021–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және кадрлық ресурстар департаментінің директоры болып қызмет етті. Бұл кезеңде медициналық білім беруді реформалау және денсаулық сақтау ғылымын дамыту бойынша маңызды жұмыстар жүргізді. Қазақстандағы медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру институтын дамыту туралы заң авторларының бірі болып табылады.
Қазіргі қызметі
2024 жылдан бастап Даулет Қадырұлы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарады. Елдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді.