«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС

«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (РМК) «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылады.
Республикалық микроорганизмдер коллекциясы 2002 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 850 «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» қаулысына сәйкес құрылған және өнеркәсіптік маңызы бар микроорганизмдердің депозитарийі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 «»QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру туралы мәселелер туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 470 бұйрығына сәйкес «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.
Республикалық микроорганизмдер коллекциясы Астана қаласында орналасқан және әртүрлі бағыттағы 5 ғылыми зертханасы бар.
Басшылық:
Генеральный директордың міндетін атқарушы – Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин, медицина ғылымдарының кандидаты.
Жарғылық қызметі:
– Өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясы саласында ақпараттық дерекқор қалыптастыру;
– Алдын алу, диагностикалық биопрепараттарды өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру;
– Микробиология және биотехнология саласындағы журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару;
– Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудамен сату;
– Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер;
– Инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;
– Табиғи және техникалық ғылымдар саласындағы басқа да зерттеулер мен әзірлемелер;
– Денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметтер;
– Өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.
Эл.пошта: rcm-info@mail.ru
Байланыс нөмірі: +7 (7172) 20-10-32
Мекенжайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі 13/1
https://rcm.kz/
