Құрметті әріптестер мен серіктестер!
70 көрініс

Сіздерді “QazBioPharm” ұлттық холдингі” акционерлік қоғамы атынан келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Осы жылдағы қажырлы еңбектеріңізге және еліміздің ғылым саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге ризашылығымды білдіремін. Әрқайсыңыздың тынымсыз ізденісіңіз, тапсырмаларды уақытылы орындауыңыз және кәсіби біліктілігіңізді арттыруға деген ұмтылысыңыз біздің ортақ жетістіктеріміздің кепілі болды.
Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, кәсіби табыстар және сарқылмас шабыт тілеймін. Келер жылы да жаңа белестерді бағындырып, ортақ мақсаттарға бірге жетеміз деп сенемін!
Ізгі ниетпен,
Бас директор Е. Әбдірайымов