«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде профессор Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өтті

«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде Пекин университетінің түлегі, Гумбольдт сыйлығының иегері, профессор Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өтті. Жиынға Холдингтің ғылым және технологиялар жөніндегі бас директордың орынбасары Аралбек Рсалиев және «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-нің бас директордың міндетін атқарушы Вячеслав Огай қатысты.
Кездесу барысында Холдингтің негізгі қызмет бағыттары мен жетістіктері таныстырылып, тараптар биотехнология және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты. Қатысушылар Қазақстан мен халықаралық әріптестер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Іс-шара соңында профессор үшін Ұлттық биотехнология орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Орталықтың мамандары биофармацевтика саласындағы өзекті жобалар мен зерттеулерді таныстырып, Қазақстанның ғылыми әлеуетін жан-жақты көрсетті.