«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде Ғылыми-технологиялық кеңестің отырысы өтті
124 көрініс

2025 жылғы 22 қаңтарда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында Ғылыми-технологиялық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Холдингтің және еншілес ұйымдардың басшылары, ғылым жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кеңес барысында еншілес ұйымдардың 2024 жылғы ғылыми-өндірістік қызметі бойынша есептері пысықталып, ағымдағы жылы алға қойған мәселелері қарастырылды. Оның ішінде:
- Қолданбалы және іргелі ғылымдар саласындағы зерттеулердің тиімділігін күшейту;
- Биологиялық қауіпсіздікті сақтау, ғылым мен технологияны дамыту салаларындағы мамандардың біліктілігін арттыру;
- Ғылыми мақалаларды жоғары рейтингті басылымдарда жариялау және олардың санын ұлғайту;
- Аса қауіпті инфекцияларға қарсы иммунды-биологиялық препараттар мен диагностикалық құралдардың өндірісін жетілдіру;
- Жаңа технологиялар мен препараттарды нарыққа шығару және коммерцияландыру;
- Еншілес ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету.
Жиын соңында Кеңес төрағасы Ерғали Әбдірайымов жоғарыда айтылған мәселелердің орындалуын қадағалауды және Ғылыми-технологиялық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.