«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің Директорлар кеңесі бірінші жартыжылдықты қорытындылады
1 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-да Дархан Мыңбайдың төрағалығымен Директорлар кеңесінің жоспарлы отырысы өтті. Отырыс барысында Холдинг қызметінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде Даму жоспарын іске асыру бойынша есептер, қаржылық көрсеткіштер, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін бөлімшелер жұмысының қорытындылары қамтылды. Холдингтің ағымдағы корпоративтік құрылымы мен еншілес ұйымдардың қызметі бойынша презентацияға ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, Холдингтің ғылыми—өндірістік әлеуетінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
Отырыс сонымен қатар Директорлар кеңесінің құрамын жаңартумен ерекшеленді. Кеңестің жаңа мүшелері Холдингтің стратегиялық міндеттерін іске асыру үшін қажетті кәсіби тәжірибе мен құзыреттерді ескере отырып, белгіленген тәртіппен бекітілді.
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі тұрақты даму, озық ғылыми шешімдерді енгізу және Қазақстанның биофармацевтика мен биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұстанымдарын күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.