«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде қазақстандық мамандар әзірлеген инновациялық медициналық катетер таныстырылды

218 көрініс
«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде қазақстандық мамандар әзірлеген инновациялық медициналық катетер таныстырылды

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында отандық мамандар жасаған инновациялық медициналық катетердің таныстырылымы өтті. Жобаның авторы – Нұрлан Исмаилов. Құрылғы медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Дальтонқызы Закария, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ отандық дәрігерлер қатысты.

Жобаны әзірлеуші Нұрлан Исмаилов пен өтінім берушілер тобының мүшелері – жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев және кардиолог дәрігер Марат Арипов құрылғының мақсаты, техникалық ерекшеліктері мен Қазақстанда және шетелде қолдану перспективалары туралы баяндады.

Кездесу барысында мемлекет еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік беретін отандық мамандардың бастамаларын жүйелі түрде қолдайтыны атап өтілді. Мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығы тарапынан көрсетілген жоғары қызығушылық бұл жобаның ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін дәлелдеді.