«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті

160 көрініс
«QazBioPharm» Ұлттық холдингінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 25 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында Мыңбай Дархан Қамзабекұлының төрағалығымен Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды. Нәтижесінде жұмыс тиімділігін және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және стратегиялық шешімдер қабылданды.

Бекітілген бастамалар жалғыз акционер мен серіктестер тарапынан сенімді нығайтуға, сондай-ақ биофармацевтика саласындағы Холдингтің ұзақ мерзімді жоспарларын іске асыруға ықпал етпек.