QazBioPharm заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуде

268 көрініс
QazBioPharm заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуде

2025 жылғы 5 қыркүйекте «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-да «QazBioPharm-дағы комплаенс» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында комплаенс-қызметінің негізгі бағыттары және Холдингте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру шаралары таныстырылды.

Кездесуде комплаенс талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік түрлері де түсіндірілді:

  • тәртіптік – ескерту, сөгіс, еңбек шартын бұзу;
  • әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 678-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК 361, 366, 367-баптары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
  • лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі.

Кездесу қорытындысы бойынша, комплаенс QazBioPharm-да тек ережелер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар әр қызметкер өз үлесін қосатын корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі екені атап өтілді.