QazBioPharm және Boehringer Ingelheim

2025 жылғы 2 сәуірде «QazBioPharm» ұлттық холдингі мен француздық «Boehringer Ingelheim» (BI) компаниясының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында ветеринариялық биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және бірлескен әріптестік пен жеткізілімдер жөніндегі келісімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында бірлескен тренингтер өткізу, сапаны бақылау, логистика, техникалық қолдау және басқа да бірқатар мәселелер қарастырылды. Әсіресе, вакциналардың маркетингі мен сапасын бақылауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, BI командасы аусылдың жаһандық өршуі туралы ақпарат ұсынып, оқыту тренингтерін өткізу және аналитикалық деректермен алмасу түрінде қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025-2026 жылдарға жоспарланған іс-шараларға дайындықты қоса алғанда, одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын белгіледі.
Бұл кездесу ветеринариялық ғылым және биологиялық қауіпсіздік саласындағы Холдингтің тұрақты халықаралық серіктестігін дамытудағы кезекті маңызды қадам болды.
