«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС

471 көрініс
«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС

Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:
Бас директор – Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы

Миссиясы:
Елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан аумағында адамдардың аса қауіпті инфекциялармен жұқтыру қаупін бағалау, мониторинг жүргізу, алдын алу бойынша ғылыми негіздерді әзірлеу және енгізу арқылы адамдар мен жануарлардың ауруларын болдырмау және азайту.

Негізгі бағыттары мен міндеттері:

  • Аса қауіпті инфекциялар мониторингінің және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негізделген әдістемелік негіздерін әзірлеу және енгізу.
  • Табиғи оба ошақтары мен басқа да аса қауіпті инфекциялар бойынша эпизоотикалық және эпидемиологиялық жағдайларды мониторингтеу, қауіп-қатерлерді бағалау және болжау.
  • Ғылыми зерттеулер мен диагностикалық препараттар өндірісінде пайдалану үшін микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын сақтау, тұрақты түрде толықтыру және өміршеңдігін қамтамасыз ету.
  • Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мен диагностикасы үшін жаңа иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу, өндіру және қолданыстағыларды жетілдіру.
  • Ғылым мен фармацевтика саласындағы ұйымдарға зерттеу және доклиникалық сынақтар жүргізу үшін зертханалық SPF жануарларын қамтамасыз ету.
  • Ведомстволық бағыныштылығына қарамастан биологиялық қауіпсіздік мамандарының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағдарламалары (арнайы курстар, біліктілікті арттыру, семинар-тренингтер).
  • Табиғи оба ошақтарында және басқа да аса қауіпті инфекциялар бойынша дезинсекция және дератизация бойынша алдын алу шараларын өткізу.
  • Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау, карантиндік, аса қауіпті және табиғи-ошақтық (зооноздық) жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда алдын алу және қарсы эпидемиялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, оларды зертханалық диагностикадан өткізу, I-II топ патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтау және ветеринария органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Электрондық пошта: nnscedi-1@nscedi.kz
Байланыс нөмірі: +7-(727)-2-23-38-21
Мекенжайы: Алматы қ., Жахангер көшесі, 14-үй
https://nscedi.kz/kz/

«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС