«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы Директорлар кеңесінің не Холдингтің атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, Директорлар кеңесі Төрағасының ұсынуы бойынша Директорлар кеңесі немесе Бас директор тағайындайтын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Холдингтің қызметкері болып табылады. Оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Холдинг Жарғысымен, осы Ережемен және өзге де ішкі құжаттармен реттеледі.
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастыруды, корпоративтік рәсімдердің сақталуын, шешімдердің орындалуын бақылауды, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Холдингтің құрылымдық бөлімшелері арасындағы ақпараттың уақтылы жеткізілуін және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.