Ғылыми-технологиялық кеңес – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін үйлестіру мен тиімділігін арттыру мақсатында құрылған алқалы кеңестік орган.
Кеңес Холдингтің Жарғысына, ішкі нормативтік құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым, білім, биологиялық қауіпсіздік және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- Ғылыми зерттеулер мен жоғары технологиялық өнімдерді коммерцияландырудың басым бағыттарын айқындау;
- Холдингтің еншілес ұйымдарындағы ғылыми және инновациялық қызметті дамыту;
- Ірі ғылыми жобалар мен бағдарламаларды үйлестіру;
- Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға ықпал ету;
- Ғылыми және білім беру ұйымдарымен әріптестік байланысты дамыту.
Кеңестің функциялары:
- Ғылыми-зерттеу қызметінің даму стратегиясын әзірлеу;
- Еншілес ұйымдардың ғылыми зерттеулерін жоспарлау мен келісу;
- Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың орындалуын қадағалау;
- Ғылыми сыйлықтар мен байқауларға үміткерлер бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Ғылыми және өндірістік қызмет бойынша есептерді қарастыру.
Ғылыми-технологиялық кеңес Холдингтің ғылыми әлеуетін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және ғылым мен өндірістің тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрамы және жұмыс тәртібі
Кеңес Холдинг басшылығы, жетекші ғылыми қызметкерлер және салалық мамандардан тұрады. Кеңес төрағасы – Холдингтің Бас директоры, төраға орынбасары – Ғылым және технологиялар жөніндегі Бас директордың орынбасары, ал Кеңестің хатшысы – уәкілетті құрылымдық бөлімшенің басшысы.