Челлендждің екінші аптасы: QazBioPharm қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде

15 көрініс
Челлендждің екінші аптасы: QazBioPharm қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде

«QazBioPharm» ұлттық холдингінің әріптестері арасында қызықты және маңызды бастама қолға алынды. Компанияның әрбір құрылымдық бөлімшесі үшін аптаның әр жұмасы «Ұлттық мәдениет және әдет-ғұрып күні» болып жарияланды. Бұл бастаманың мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын жастар арасында насихаттау және олардың бойында патриоттық сезімді ояту.

Алғашқы эстафетаны Құқықтық қамтамасыз ету және Кадр және іс жүргізу басқармалары бастады. Әрбір келесі жұма сайын эстафетаны қабылдаған бөлімшелер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыратын болады.

Бүгін, 20 желтоқсан күні, Биологиялық қауіпсіздік департаментінің өткізген іс-шарасында қызметкерлер салт-дәстүр тақырыбындағы викторинаға қатысып, ұлттық ойындар ойнады. Бұл шара әріптестерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бойға қан жүгіртіп, еліміздің салт-дәстүрлері туралы білген-түйгенін көбейте түсуіне оң ықпалын тигізді.

«QazBioPharm» холдингінің бас директоры Ерғали Орынбасарұлы Әбдірайымов мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, олардың компанияның ішкі мәдениетін дамытуға және қызметкерлердің бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосатынын айтты.