«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

562 көрініс
«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:
Керімбаев Аслан Амангелдіұлы

Сапа саласындағы мақсаттары:

  • Вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтардың молекулалық биологиясы мен гендік инженериясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа ғылыми білімдер алу мақсатында емдік-профилактикалық және диагностикалық препараттарды әзірлеу бойынша гранттық қаржыландыру жобалары мен ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында жұмыстар жүргізу.
  • Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін ғылыми, техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету саласында ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында зерттеулер жүргізу.
  • Ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша адам, жануарлар және құстардың жұқпалы ауруларына қарсы профилактикалық, диагностикалық және емдік (терапевтикалық) препараттар мен құралдарды өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру.
  • Биопрепараттардың өндірістік және тіркеу сынақтарын, апробациясын, сондай-ақ денсаулық сақтау және ветеринария үшін серияларын (партияларын) бақылауды жүргізу.
  • Денсаулық сақтау, ветеринария және өсімдік шаруашылығы ұйымдарының биологиялық өнімдерге (вакциналар, диагностикумдар, қан сарысуы, қоректік орталар) қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша ғылыми-өндірістік қызмет жүргізу.
  • Денсаулық сақтау және ветеринария үшін жаңа диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу.
  • Адам, жануарлар, құстар және өсімдіктердің жұқпалы ауруларын тудыратын вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтардың бастапқы (матрицалық) және өндірістік штаммдарының коллекция-банкін қолдау, толықтыру және зерттеу.
  • Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық жобалар аясында өсімдіктерді қорғау және карантин, фумигация (дезинфекциялау) және фитосанитариялық сараптама жүргізу.
  • Ұйымның қызмет саласына сәйкес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Электрондық пошта: ribsp@biosafety.kz
Байланыс нөмірі: +7(726) 367-22-28
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский кенті, Б. Момышұлы көшесі, 15
biosafety.kz

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС