Ұлы Абай мұрасын ұлықтау – ұрпаққа аманат

259 көрініс
Ұлы Абай мұрасын ұлықтау – ұрпаққа аманат

«QazBioPharm» ұлттық холдингі қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай арнайы бейнеролик дайындады. Жоба ақынның адамгершілік пен парасаттылықты насихаттайтын “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” атты өлең жолдарына негізделді.

Бұл бейнеролик – тек поэзияны дәріптеу ғана емес, ұлы ақынның өнегелі ойларын бүгінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған мәдени бастама. Ролик арқылы көрермендер Абайдың әрбір сөзіне терең үңіліп, оның өмірлік ұстанымдарының уақытпен бірге ескірмейтінін сезіне алады.

Холдинг басшылығы мен ұжымы бұл жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық қызметкерлерге ризашылығын білдірді. QazBioPharm үшін Абай мұрасын ұлықтау – рухани жаңғыру жолындағы маңызды қадам.

Ұлы Абай мұрасын ұлықтау – ұрпаққа аманат