Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы құтты болсын!
166 көрініс
Құрметті әріптестер!
Сіздерді «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы ұжымы атынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Егемен еліміздің негізгі заңы — Конституция — Тәуелсіз Қазақстанның берік тұғыры. Оның қағидаттары қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналды.
Осы айтулы мереке қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби жетістіктер, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әрқайсымыздың игі істеріміз бен бірлігіміз еліміздің жарқын болашағына арқау болсын.
Ізгі ниетпен,
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Бас директоры Е. Абдураимов