Қазақстан Президенті ғылым, инновациялар және фармацевтика салаларындағы басымдықтарды айқындады

183 көрініс
Қазақстан Президенті ғылым, инновациялар және фармацевтика салаларындағы басымдықтарды айқындады

Бүгін, 8 қыркүйекте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президенттің айтуынша, цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын қарқынды өзгертіп жатыр, ал жасанды интеллектіні меңгерген мамандарға сұраныс күннен-күнге артуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Al-Sana бағдарламасы іске қосылды. Оның мақсаты – 100 мыңға дейін студентті жоғары технологиялық жобаларға тарту.

Сонымен қатар, Президент ғылым, білім және инновацияларды интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол ғылымды дамытуға негізгі үлесті мемлекет қосып отырғанын атап өтті. Алайда бюджет қаражатының жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістер түрінде қайтарымы әлі де жеткіліксіз екеніне тоқталды.

Жолдауда фармацевтика өнеркәсібін дамыту – стратегиялық маңызды бағыт екені де атап өтілді. Әсіресе, пандемия тәжірибесін ескере отырып, отандық дәрі-дәрмектердің көлемі мен ассортиментін арттырудың маңызы зор екені көрсетілді.

«Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек.

Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

📌 Жолдаудың толық мәтіні Ақорда ресми сайтында қолжетімді.

Фото: www.akorda.kz

 

Қазақстан Президенті ғылым, инновациялар және фармацевтика салаларындағы басымдықтарды айқындады