Иорданияға сапар: QazBioPharm пен DADvet әріптестіктің жаңа кезеңін талқылады
251 көрініс
2025 жылғы 28 шілдеде Амман қаласында Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «QazBioPharm» ұлттық холдингінің Бас директоры Ерғали Абдураимов пен DADvet компаниясы басшылығы арасында кездесу өтті.
Іс-шара бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы ретінде ұйымдастырылды. Тараптар өзара іс-қимылды кеңейту, нарыққа шығу мүмкіндіктері және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Холдинг биологиялық қауіпсіздік пен ғылыми-өндірістік ынтымақтастық бағытындағы халықаралық серіктестікті жүйелі түрде дамытуда.