Ветеринария саласының мамандарына құрмет пен алғыс

314 көрініс
Ветеринария саласының мамандарына құрмет пен алғыс

Құрметті әріптестер, ветеринария саласының мамандары!

Сіздерді «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының ұжымы атынан Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн — жануарлар денсаулығы мен адамзат қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан мамандарға деген зор ризашылықтың белгісі. Ветеринария – бұл тек мал емдеу ғана емес, бұл – қоғамдық денсаулықты сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ биологиялық қауіптерге қарсы ұлттық иммунитет қалыптастыру ісінің ажырамас бөлігі.

«QazBioPharm» ұлттық холдингі ветеринариялық ғылым мен өндірістің дамуына ерекше көңіл бөледі. Біздің құрамымыздағы ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік мекемелерде ветеринария саласына арналған бірқатар инновациялық препараттар мен вакциналар әзірленіп, табысты түрде өндіріске енгізілуде. Бұл — сіздердің тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңізге, сондай-ақ ғылым мен практиканың үйлесімді бірлігіне негізделген жетістіктер.

Сіздердің әрбір шешімдеріңіз — бір тіршілік иесінің өмірі, ал әрбір еңбектеріңіз — қоғам игілігіне қосылған үлес. Жануарларға деген жанашырлық пен жоғары жауапкершілік – сіздердің кәсіби болмыстарыңыздың айнасы.

Осы мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби шабыт пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Еңбектеріңіз еленіп, істеріңіз өрге баса берсін!

 

Ветеринария саласының мамандарына құрмет пен алғыс