Баспасөз конференциясы: «Медициналық білім беру: инновациялар және перспективалар»

335 көрініс
Баспасөз конференциясы: «Медициналық білім беру: инновациялар және перспективалар»

АНОНС!

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысады

Өтетін күні: 2025 жылғы 24 маусым
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (Астана қ.)
Тақырыбы: «Медициналық білім беру: инновациялар және перспективалар»

2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде медицина саласындағы білім беру, ғылыми кадрларды даярлау, биомедициналық зерттеулерді дамыту және денсаулық сақтау жүйесіне инновацияларды енгізу мәселелеріне арналған брифинг өтеді.

Спикерлер құрамында:

  • Тимур Сұлтанғазиев – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі;
  • Анар Тұрмұхамбетова – «Астана медицина университеті» КеАҚ басқарма төрайымы – ректоры;
  • Аралбек Рсалиев – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ ғылым және технологиялар жөніндегі Бас директорының орынбасары.

Холдинг атынан Аралбек Рсалиев биологиялық қауіпсіздік пен фармацевтикалық бағыттардағы еншілес ұйымдардың қазіргі ғылыми әзірлемелері, ғылыми кадрлар даярлау бойынша білім беру бастамалары және Ғылым және білім жылы аясындағы ғылыми интеграция келешегі туралы баяндайды.

Сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының міндетін атқарушы Вячеслав Огай инновациялар саласы бойынша өз баяндамасымен сөз сөйлейді.

📡 Тікелей эфир сілтемелері:
🔗 YouTube ORTCOM
🔗 Facebook ORTCOM

Жаңалықтардан хабардар болыңыздар және тікелей эфирге қосылыңыздар!

Баспасөз конференциясы: «Медициналық білім беру: инновациялар және перспективалар»