Аптаның әр жұмасы — Ұлттық мәдениет және әдет-ғұрып күні!

32 көрініс
Аптаның әр жұмасы — Ұлттық мәдениет және әдет-ғұрып күні!

Бүгін «QazBioPharm» Ұлттық холдингінде ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттауға арналған челлендж өз жалғасын тапты.

Бұл жолы шараны Ғылым департаментінің қызметкерлері ұйымдастырып, дәстүрлерімізді заманауи ғылыммен шебер байланыстырды. Олар қымыздың пробиотикалық қасиеттері, «Тұсау кесу» дәстүрінің биомеханикалық аспектілері, сондай-ақ, киіз өңдеудің нанотехнологиялары сияқты тың деректерді көпшіліктің назарына паш етті.

Сонымен қатар, ұлттық тағамдарды дайындау технологиясына алынған патенттер, музыкалық аспаптардың акустикалық қасиеттерін жетілдіру және киіз үйдің заманауи конструкциялары туралы қызықты ақпарат берді.

Шара соңында әріптестер ұлттық тағамдардан дәм татып, көтеріңкі көңіл күймен жұмыс орындарына тарқасты.

Келесі эстафета Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және өнімді ілгерілету департаментіне бұйырды. Челлендждің алдағы кезеңдері де қызықты әрі мазмұнды болатынына сенім мол.