QazBioPharm ғалымдары – ұлттық ғылымның мақтанышы
35 көрініс
2024 жылы QazBioPharm холдингінің еншілес ұйымдарының ғалымдары ғылымды дамытуға қосқан айрықша еңбектері үшін жоғары марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №591 бұйрығымен:
- Ш. Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу сыйлығы Ұлттық биотехнология орталығының (ҰБО) Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Жабагин Максат Қизатұлына «Еуразия жүрегі аймағының ежелгі және қазіргі тұрғындарының генетикалық тарихы: палеогенетика және Y-хромосома филогеографиясы призмасы арқылы» атты зерттеу жұмысы үшін табысталды.
- Мемлекеттік ғылыми стипендиясы ҰБО Ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі Жолдыбаева Елена Витальевнаға берілді.
Сонымен бірге, Республикалық конкурстық комиссия 2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын 50 ғалымға табыстау туралы шешім қабылдады. Бұл марапатқа холдингтің үш ғалымы лайық деп танылды:
- Абдыбекова А.М., ҚазҒЗВИ ғылыми қызмет жөніндегі бас директорының орынбасары.
- Жолдыбаева Е.В., ҰБО-ның Ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі.
- Шевцов А.Б., ҰБО-ның Қолданбалы генетика зертханасының меңгерушісі.
QazBioPharm ғалымдарының бұл жетістіктері олардың ғылымға қосқан баға жетпес үлесін, кәсіби шеберлігін және зерттеуге деген адалдығын көрсетеді. Олар тек ғылыми ортаның емес, бүкіл елдің мақтанышына айналып отыр. Холдинг осындай кәсіби мамандарды қолдап, жаңа табыстарға жетелейтінін мақтан тұтады.