«OtarBioPharm» ЖШС

362 көрініс
«OtarBioPharm» ЖШС

«OtarBioPharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:
Бас директор – Ершебулов Закир Жапарұлы

Миссиясы:
Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту, иммунобиологиялық препараттар өндірісі саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Компания қызметінің Қазақстан Республикасының стратегиялық медициналық және ветеринарлық препараттарды (патогендер тудыратын аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын) импорттауға тәуелділігін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне байланысты қауіп-қатерлерді жоюға әсері. Елдің биологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Мақсаты:
Толық циклды өндіріс (соның ішінде келісімшарттық өндіріс) және халықаралық GMP талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттардың ассортиментін кеңейту (қажеттілікке байланысты), балк-өндіріс, сондай-ақ фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме сату. Медициналық мекемелерді отандық өндірістегі сапалы иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау деңгейін арттыру және елдің импортқа тәуелділігін төмендету.

Электрондық пошта: otarbiopharm@gmail.com
Байланыс нөмірі: +7(726) 367-91-00
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, №5 ғимарат
https://otarbiopharm.kz/

«OtarBioPharm» ЖШС